Дала жыры – Серік Әкірамұлы

Бұл бетте «Дала жыры» атты Серік Әкірамұлы жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 22.03.2020
  • 0
  • 0
  • 2158
Даланың жыр-әні,
Сыбдырлап құрағы.
Гүрілдеп өзені,
Сыңғырлап бұлағы,
Ән салып тұрады.
Қаңқылдап қаздары,
Қалықтап мәз бәрі.
Бұлбұлдың сайраған,
Төгілген сазды әні.
Оркестр секілді,
Күй тартқан жаздағы.
Ескен жел гуілі,
Араның дуылы.
Тыраулап тырналар,
Шегіртке шырылы.
Даланың әуені –
Тербетіп тұр үні.
Өрістен жамырар,
Әсем ән тағы бар.
Кісінеп тай-құлын,
Қозы-лақ маңырар.
Даламның әуені,
Осындай әні бар.
Тербеліп боз далам,
Бозторғай созған ән.
Бақасы барқылдап,
Боталар боздаған.
Даламның әуені –
Жан сырын қозғаған.

(балаларға арналған тақпақ)


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері