Көкірегіме керемет төгіп бір ән – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Көкірегіме керемет төгіп бір ән» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1683
Көкірегіме керемет төгіп бір ән,
Жүрегіммен жүзіңді көріп тұрам.
Ал, өзіңді көргенде, бойым балқып,
Қорғасындай оттағы еріп тұрам.
Сен өзіңнің бағаңды ұғасың ба?
Көңілінен ақынның шығасың ба?
Туса туар көркемдер келешекте,
Сендей сұлу туылмас бұл ғасырда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері