Өмірдің көбі кетіп, азы қалды – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Өмірдің көбі кетіп, азы қалды» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.07.2019
  • 0
  • 0
  • 12892
Әнін жазған Әсет Бейсеуов

Өмірдің көбі кетіп, азы қалды,
Көңілдің кегі кетіп, назы қалды.
Ерекше құлай сүйген сүйіктімнің
Санамда сыңғырлаған сазы қалды.
Оянып балғын сезім көктемеден,
Арманның асқарына беттеген ем.
Биіктеп бара жатыр кейінгілер,
Мен жайлап түсіп келем Көктөбеден.
Төбемнен төңкеріле күн күледі,
Сәулесін тұла бойға сіңдіреді.
Жаздан соң тұнжыраңқы күзім келіп,
Қоя ма қабақ ашпай, кім біледі?
Өмірдің көбі кетіп, азы қалды,
Айдыннан аққу ұшып, қазы қалды.
Ерекше құлай сүйген еркешімнің
Санамда сыңғырлаған сазы қалды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері