Әкем үйге келгенде – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Әкем үйге келгенде» атты Қанипа Бұғыбаева жазған әке туралы өлең берілген.

  • 11.11.2021
  • 0
  • 0
  • 716
Ауыл жақты көп сұрап,
Алдым білем тынышын.
– Бұрынғыдан жақсырақ,
деп кең алып тынысын.
Бұл дүниеден көп болды,
Күзетші атаң кеткелі.
Еске алушы ек өткенді,
Қалды артында көктемі.
– Е, айтпақшы, қызым-ау,
Болды досың балалы.
Біреу келсе қызық-ау,
Біреу кетіп барады.
Сосын, сосын, ойланып,
Әлгі әнші Аяның,
Кетті дейді қой бағып,
Атаның ап таяғын.
Бір кездегі Көкжайдақ,
Қазір қала үйі көп.
Қыз болған соң шет жайлап,
Келмейсің де жиірек.
Несін айтам, бауырым,
Тыңдаудан тек ерінбе.
Әкем болып ауылым,
Көлбеп жатты төрімде!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері