Теңіз де көк, сезім де көк, көк те көк – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Теңіз де көк, сезім де көк, көк те көк» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.11.2021
  • 0
  • 0
  • 1071
Теңіз де көк, сезім де көк, көк те көк,
Ақ бас толқын әлденеге өкпелеп.
Жартас бетін шапалақтап ұрады,
Көкірегін ашулы бір кек бөлеп.
Бір өзінен басқа тірлік бекердей,
Дегендей ол, осы арадан кет, өлмей.
Ысқырады айбарланып көк дауыл,
Толқын аузы асап бәрін кетердей...
Теңіз жолы соқпақсыз өр шатқалдар,
Арман тауы толқын болып атқанда әр.
Аңсап тұрар асау асқар қиынын,
Қанаттарын теңіз баулып қаққандар!
Теңіз де көк, сезім де көк, көк те көк,
Бір тіршілік арасынан көктемек.
Ей, бауырым, бірақ келіп көрдің бе,
Тағдыр атты теңізбенен бетпе-бет!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері