Нәресте күлкісі – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Нәресте күлкісі» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.11.2021
  • 0
  • 0
  • 948
Жүзінде ойнап жылу атты күн күші,
Алаңсыз бір, айтшы, дүние,
Күлдің бе ей?!
Нәрестенің мына тұңғыш күлкісі,
Тұнық судың бетіндегі иірімдей!..
Жүрегіңе сызып сәуле жол мәңгі,
Мейіріммен мас боларсың осы үнге.
Ол білместен бояманы, жалғанды,
Күледі шын әз ананың төсінде!
Неткен күлкі, неткен ләззат, тәңір-ау,
Нең қалды еріп, балқып жаның қызбаған.
Оның тұңғыш жымиысын ал, мынау,
Бүкіл дүние көздерінен қызғанам!
Шомылдырған рахаттың бағына,
Болса өмірде сол күлкідей пәктілік.
Тұнық су ол иірілген шағында,
Шошытасың, ойнама тас лақтырып!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері