Ашық аспан — кабинетім – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Ашық аспан — кабинетім» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2869
Қорек етер мәңгі ұрпағым,
Іздеп тынбай жылдарға азық.
Жалғыз өзім жаңғыртамын
Жалпақ қырды жырлар жазып.
Жапырақтар — қарлығашым,
Ақ бұлақтар — ақ ниетім.
Қара ормандар — қарындашым,
Ашық аспан — кабинетім.
Күн түспеген жерге жетіп,
Ойнаймын мен шуақ болып.
Еркін желмен өлеңдетіп
Шулаймын мен құрақ болып.
Жаңғырамын таумен бірге,
Жүгіремін желмен бірге
Алаулаймын таңмен бірге,
Толқындаймын көлмен бірге.
Жаңбыр болып жауып алып,
Ең әуелі өз кеудеме,
Өз дауысымды тауып алып,
Құйыламын өзендерге.
Кейде тасып төгілемін,
Кейде ашынып булығамын.
Кейде бұлттай егілемін,
Кейде дауыл, шулы жаным.
Өзендермен өзен болып,
Тауға айналам тауды ұғынып,
Жел, күн, аспас кезең болып,
Жатам жалғыз жаңғырығып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ашық аспан — кабинетім өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Ашық аспан — кабинетім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ашық аспан — кабинетім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ашық аспан — кабинетім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар