Үнің тәтті не деген – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Үнің тәтті не деген» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.11.2021
  • 0
  • 0
  • 756
Үнің тәтті не деген,
Таңдайымда еріген.
Тыңдаушыңды деме кем,
Күні жоқ қой жеріген.
Үнің тәтті не деген?!
Жігіт өмір – бақша гүл,
Құшағында ырғалам,
Шіркін, қиял ақ сағым,
Басын иіп тұр маған.
Үнің тәтті не деген?!
Шомылдырып аспан бір,
Ақ төсіме құлатты ай.
Сен бір әсем дастан-жыр,
Сылдырлаған бұлақтай.
Үнің тәтті не деген?!
Жігіт өмір – бақша гүл,
Көз алдымнан аумаған.
Арман атты ақ сағым,
Жүрегімді жаулаған.
Үнің тәтті не деген!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері