Қазақ әні – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Қазақ әні» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.11.2021
  • 0
  • 0
  • 727
Дариға-ай, дәрия ғой қазақ әні,
Әншіге айта алмаған жаза дағы.
Өткеннің әні дала,
Сол даланың
Бауырын барынша кім жаза алады?
Тиместен жерге бір сәт, шапқанда аяқ,
Кеудеден бір күміс таң атқандай-ақ.
Беу, шіркін, маужырап бір жатар ма едім,
Тербеліп тал бесікте жатқандай-ақ!
Кел, тыңда!
Бұлбұл ма, әлде шағала ма,
«Әу» дегеннің бәрі әнші санала ма.
Туған ғой бабам әні дала үстінде,
Айтады оны сондықтан дала ғана!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері