Айхай, менің кең далам – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Айхай, менің кең далам» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.11.2021
  • 0
  • 0
  • 738
Айхай, менің кең далам,
Жазылып қалды-ау құшағым.
Көңілді осынау толмаған,
Көміп бір кетті-ау күш, ағын.
Айхай, менің кең далам!
Самалдап кетсін жыр кеуде,
Сапыр да сүйре өрге сен.
Аңсап-ақ қалам бір демде,
Сан мәрте сәтте-ақ көрмесем.
Айхай, менің кең далам!
Көркіңе ендім көп оймен,
Өзенің болып күміс үн.
Күйіңді таршы көмейден,
Ашылып қалсын тынысым.
Айхай, менің кең далам!
Толқынға көміп денемді,
Ләззатқа жұмбақ өртеніп.
Басыма төсеп төбеңді,
Ақ бұлтыңды көрпе ғып,
Ұйықтайыншы, кең далам!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері