Ғашықпын, ару дүние – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ғашықпын, ару дүние» атты Абдрахман Асылбек жазған махаббат туралы өлең берілген.

  • 27.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2984
Әнін жазған Әсет Бейсеуов

Ғашықпын мен, дүние, сенесің бе?
Сенесің бе, еркіндік бересің бе?
Тербетіліп келемін, мен жетіліп,
Махаббаттың мәңгілік кемесінде.

Қайырмасы:
Ғашықпын мен, дүние, желіңе де,
Мөлдіреген айдынды көліңе де.
Сөзбен айтып жеткізу мүмкін емсс,
Соншалықты сүйемін сені неге.

Ойланбайтын ойсыз бір пендемін бе?
Қысқа ғана тіршілік бергенің не?
Ұлың болып, өлмейтін жырың болып,
Мен өзіңе біржола келмедім бе?

Қайырмасы.

Толқып жатқан тынымсыз өмір-арна,
Арман болып ағады көңіл алға.
Ару дүние, ғашықпын, жарық дүние,
Саған деген сезімнің шегі бар ма?

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері