Қос балапан – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Қос балапан» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1906
Ей!
Шұбартаудың басында қос балапан,
Сол таудан дария тасып су тараған.
Көркем жігіт, әсем қыз—бәрі сонда,
Япыр-ау, неге келдім сол арадан.

Қайырмасы:
Ахахау-ай, ей, е-е-ей!
Халиләләу, халиләләу,
Лилиләй, халәләләй,
Лиләли, лиләли, ай!

Шұбартаудың басында қара қойын,
Сағындым жан сәулемнің думан тойын.
Айрылғаным бір минут ауыр еді,
Алыстан жайлап кеттім Сырдың бойын.

Қайырмасы:
Ахахау-ай, ей, е-е-ей!
Халиләләу, халиләләу,
Лилиләй, халәләләй,
Лиләли, лиләли, ай!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері