Сыр іздеп өткен күннен – Толқын Қабылша

Бұл бетте «Сыр іздеп өткен күннен» атты Толқын Қабылша жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1291
Сыр іздеп өткен күннен,
Кеткен күннен.
Күмілжіп,
кімге айтамын, өкпемді мен?
Күлкісі күрсінісін көлейгелеп,
Көз жасын күн сүйетін көктеммін мен.
Кім ұққан?
Жанымның бар арпалысын.
Кім ұқсын?
Жүрегімнің әр қағысын.
Мен мәңгі қарыздармын мына өлеңге,
Кеудемнің күліп атқан әр таңы үшін.
Аңсау мен жанды өртеген сағыныштың.
Сертімен сергелдеңнің,
Сабылыстың.
Жаңбырдай жауа алмаған аласұрам,
Өртеген әр мезетте жалыны іштің.
Осылай көктем болып күн кешемін.
Көк бұлтпен,
ақ жауынмен тілдесемін.
Жазмыштың маған қиған ғанибетін,
Ақын боп туылмасам білмес едім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері