Қош, аман бол – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Қош, аман бол» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2904
Жасымнан болдым құмар, сәлем саған,
Күн бар ма дидарласар есен-аман!
Жалғанда сенсіз маған қызық бар ма,
Тілекке жететұғын туды заман.

Қайырмасы:
Әппақ етің қардай бар,
Қызыл бетің қандай бар.
Сен сәулеме ғашықтығым
Кеудемдегі жандай бар.
Ә-әй, сәулем, дәруен беу-беу,
Беу-беу-беу, қош, аман бол-ай!

Сағынып хат жазамын, алтын айым,
Бір минут сені ойламай тұра алмаймын.
Бота көз, үлбіреген ақша тамақ,
Киіктің ұқсатамын құралайын.

Қайырмасы:
Әппақ етің қардай бар,
Қызыл бетің қандай бар.
Сен сәулеме ғашықтығым
Кеудемдегі жандай бар.
Ә-әй, сәулем, дәруен беу-беу,
Беу-беу-беу, қош, аман бол-ай.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері