Қоңыр қаз-үйрек – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Қоңыр қаз-үйрек» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2394
Өлеңді қиыстырып әнге парлас,
Сөз болса қанағатсыз, құлақ салмас, ах-уай.
Өлеңді өрнегімен қиыстырып,
Сөзінде айтушының жылу болмас, ах-уай.

Қайырмасы:
Қоңыр қаз-үйрек,
Қанатын сүйреп.
Ей, қалқа, өлең айтсаң,
«Өй»,—деп, «бүй»,—деп, ах-уай.

Білмесе, өлең деген сөзден қиын,
Шығады қиыстырған сөзден түйін.
Қара сөз қанаты жоқ сылдырласа,
Есепке алынбаса, о-да қиын.

Қайырмасы:
Қоңыр қаз-үйрек,
Қанатын сүйреп.
Ей, қалқа, өлең айтсаң,
«Өй»,—деп, «бүй»,—деп, ах-уай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері