Өлең, жыр, ақындар

Бәйге

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 22.03.2020
  • 0
  • 0
  • 4500
Тайбурылдай жараған,
Жал-құйрығын тараған,
Жүйріктер тұр тыпыршып,
Арғымаққа балаған.
Міне, бәйге басталды,
Шабандозым, бас қамшы!.
Делебесі қозады,
Бәйге десе жас-кәрі.
Қиқулаған дауыстар,
Жаңғыртады аспанды.
Таң асырып бапталған,
Кіл сәйгүлік мақталған.
Шықты әне бір тұлпар,
Қара үзіп аттардан.
* * *
Тұлпарлар жарысқан,
Бәйге – сын, бәйге – үміт,
Ауыздықпен алысқан,
Қанатты сәйгүлік.
Қиқулап, қан қызып,
Делебең қозады.
Бәйгеде бар қызық,
Шын жүйрік озады.
Жұлдыздай ағады,
Бабамның күлігі.
Оятқан Даланы,
Арғымақ дүбірі.
Шап, шап, шабандоз!
Жүрмесін шет қалып.
Көсілсін тарланбоз,
Мәрені бетке алып!.

(балаларға арналған тақпақ)


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бәйге өлеңінің авторы кім?

Серік Әкірамұлы — осы өлеңнің авторы.

Бәйге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Бәйге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Әкірамұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бәйге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері