Достық – Серік Әкірамұлы

Бұл бетте «Достық» атты Серік Әкірамұлы жазған достық туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 22.03.2020
  • 0
  • 1
  • 4674
Достық – биік жалауым,
Достық – берік қамалым.
Достық сезім жүректе,
Жағады өшпес алауын.
Достық – сенім, тірегім,
Достық – аппақ тілегім.
Достық жырын шаттанып,
Әнге қосып жүремін.
Достық – менің қорғаным,
Адастырмас орманым.
Достық – шындық, адалдық,
Түсінгенге зор мәнін.
Нақыл айтқан бабалар,
Шын достықты бағалар.
Достық деген ұлы ұғым,
Қадірлейік, балалар.
* * *
Достық деген немене,
Досқа адал сенімің.
Достық деген немене,
Досқа таза көңілің.
Достық деген немене,
Лайланбас айдының,
Достық деген немене,
Жаныңдағы айбының.
Достық деген немене,
Досқа айтатын жан сырың.
Достық деген немене,
Аласармас тау шыңың.
Достық деген немене,
Желбіреткен жалауың.
Достық деген немене,
Алынбайтын қамалың.
Достық деген немене,
Досың бірге қуанған.
Достық деген немене,
Досың сертте тұра алған.

(балаларға арналған тақпақ)


Пікірлер (1)

Нұрболат Серікұлы

Өз ұлтының тілінде еркін сөйлеп білмейтін, телефонқұлға айналған ұрпаққа керемет дүние екен.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Достық өлеңінің авторы кім?

Серік Әкірамұлы — осы өлеңнің авторы.

Достық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Достық өлеңі не туралы?

Бұл шығарма достық туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Достық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері