Ақерке (1 ­нұсқа) – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Ақерке (1 ­нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.03.2020
  • 0
  • 0
  • 2859
Ақерке ақ күмістей сенің жүзің,
Кетер ме көкейімнен айтқан сөзің.
Ақылың айдын шалқар көл секілді,
Жанары қара нәркес екі көзің.

Күлкің гүл жас баланың жанарындай,
Ақерке, айтып бітпей құмардым-ай.
Болса да жасың кіші, білімің—дария,
Әнімді арнамаймын саған қалай?

Жас күнің жалындаған ерке тоты,
Асылдың өнер, үлгі есіл-дерті.
Шырқайын Ақеркенің айғайымен,
Өзімдей берік болсын, жігіт серті.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері