Аридау

Бұл бетте «Аридау» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.03.2020
  • 0
  • 0
  • 894
Тілегін біз тіледік жас ұланның,
Күш-қайрат, үлгі, жігер бас ұланның.
Жүрегім сергісейші, серпіл қабақ.
Бола ма шыныменен ашылар күн-ай.

Қайырмасы:
Әй, ау! Аридау, аридау.

Болғанда біз—ақсұңқар, сен—ала үйрек,
Қосылған екі жақсы болар сирек.
Құрбыжан, сені ойлап сағынғанда.
Соғады тыным таппай қайран жүрек!

Қайырмасы:
Әй, ау! Аридау, аридау.

Көзіңнен, айналайын, алтын қабақ,
Сен бе едің суда ойнаған алтын шабақ.
Салсам да күміс қармақ, ілінбейсің,
Айсұлу алма мойын, ей, ақтамақ.

Қайырмасы:
Әй, ау! Аридау, аридау.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аридау өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Аридау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аридау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қазақ ауыз әдебиеті өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аридау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері