Асылзат (2-нұсқа)
Бұл бетте «Асылзат (2-нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Базарда бұлы қымбат бас кілемнің,
Өспесін малы, басы қаскүнемнің-ей.
Сағынып жар дауысын жүргенімде,
Шығады даусы қайдан қос күреңнің-ей.
Қайырмасы:
Әй, Асылзат, шаһи зат,
Сағынғаннан, ей, жаздым хат.
Беліме буынғаным бос белбеуім,
Болса да жаман-жақсы өз белбеуім-ей.
Көп айлар көрмегелі, көп күн болды,
Жүрмісің аман-есен, көз көргенім-ей.
Қайырмасы:
Әй, Асылзат, шаһи зат,
Сағынғаннан, ей, жаздым хат.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі