Бұл бетте «Ахау, Үрия-ай» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
24.03.2020
0
0
1882
Келдің қайдан, ей, қалқа, келдің қайдан?
Алма мойын ала үйрек ұшар сайдан.
Ей! Ахау, Үрия-ай!
Мекеніңді, ей, қалқа, айтып қойшы-ей!
Жат болмағы адамның осындайдан.
Ей! Ахау, Үрия-ай!
Ұшып жүрген әуеде көк көбелек-ай,
Дертің болса, жазайын су себелеп.
Ей! Ахау, Үрия-ай!
Сен есіме түскенде, ей, перизат-ей,
Аш бөрідей жортамын тау іргелеп.
Ей! Ахау, Үрия-ай!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі