Гәккугай – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Гәккугай» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1281
Күн ашық, жым-жырт дала, әуе тынық,
Жымиып күн қарап тұр көктен күліп.
Сүзілген сұр пердедей бұлдыр сағым,
Біресе толқынданад, бірде тынып.

Қайырмасы:
Бір ағашта бүлдірген,
Қыз бен жігіт бір жүрген.
Оймақ ауыз, күлім көз,
Ішімді оттай күйдірген.

Бау ағаш мынау қалың сыңсып біткен,
Қойнында әнші құстар күй гулеткен.
Аңқыған исі әдемі түрлі гүлдер,
Иіліп қарсы алдыңа тәжім еткен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері