Інілерге – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Інілерге» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 3056
Шалдарға күлімсіреп қарайсыңдар,
Жатыр-ау жандарыңда талай сындар.
Әдетпен әлпештесіп ағаларды,
Жаманын жарамдыға балайсыңдар.
Өлең боп алдарыңнан көп өтеді
Ойға да, құлаққа да қолайсыздар,
Әдебін сыйластықтың, қимастықтың
Ұқпайды ұяты жоқ, кей арсыздар.
Бірімін мен де, інілер, сол ағаның,
Жақтырмас жастардың сынағанын,
Тастайық, қалсын енді сақал сату,
Құны жоқ оңай тиген сыбағаның.
Айтыңдар ақ көңілмен әділетін,
Алыңдар таңдап жырдың ұнағанын.
Жасығын жалтақтамай жалтақ деңдер.
Сендерден осы менің сұрағаным.

1957


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері