Шабыт – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Шабыт» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 3598
Кеудем бір жанартаудай күркіресе
Көңілімнен ыстық жаңбыр сіркіресе,
Қайнаған қара құйын бұлт боламын,
Ойымда ойнайды ұйтқып от бораным.
Жанымның сонда нұры жалтылдаған
Әкеліп алыстарды берер маған.
Көзімнің сыпырылар томағасы,
Алдымда жайнар әлем мұнарасы.
Ғайыптан ән есітемін сол мезетте,
Күнәлі көлеңкелер қалмайды есте.
Шұғыладан домбырама ішек тағып,
Шығамын кең дүниеге қысып шабыт.

1958


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері