Төге салсын төбемізден күй құздар – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Төге салсын төбемізден күй құздар» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.09.2021
  • 0
  • 0
  • 579
Дауыстасам сырымды ашып алардай,
Сәл именіп сәлем бердім батылсыз.
Кеттім сонан қасыңызда қала алмай,
Ақ жауынға араластым шатырсыз.

Жылы лебіз жүрегіме жетті ме?
Естілді сол маған таныс баяғы үн.
Қиял мені алысқа алып кетті ме?
Жерге кейде тимегендей аяғым.

Бар сезімін бір параққа сиғызар,
Кезім емес алғаш рет хат алған.
Төге салсын төбемізден күй құздар,
Жайымды айтып бір сезімге маталған.

…Сағынамын аты жоқ сезіммен,
Басқалардан бақыттысыз енді сіз.
Сізді ойлап күлісміреп көз ілген,
Сәттерім бар көрген түске бергісіз!…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері