Сол шыршаның түбінде – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Сол шыршаның түбінде» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.09.2021
  • 0
  • 0
  • 593
Ыстық сәлем аитқалы келе жатқан күндерге,
Жаңа жылды тойладым толды құшақ гүлдерге.
Жастайынан кесілген топ ішінде шырша тұр,
Қаяу салып көңілге неге келдім бұл жерге?!

Енді мынау шыршада сайрамайды таң құсы,
Елестеді көзіме сом балталы нән кісі.
Азып туған ұлына көктей орыл дейтұғын,
Тійіп кетті шыршаға қай ананың қарғысы?!

Не басқалар болмаса мен шығармын сор маңдай,
Қалып қойған қалпында жамандыққа қарманбай.
Еш мақсатсыз шыршаны жұртпен бірге айналдым,
Сол шыршаның түбінде сырғам түсіп қалғандай!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері