Қарғалар
Бұл бетте «Қарғалар» атты Сұлтан Қалиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 12.09.2024
- 0
- 0
- 1023
Тысқа шықсам, аула – қар,
Басып қапты маңайды.
Тал басынан қарғалар
Тамашалай қарайды.
Бiрi ұшып,
Асыға
Қонды келiп аулаға.
Қарады тал басына
Қарды кешiп, таңдана.
– Қар! Қар! – деп ол шаттанды, –
Әрине – қар, бар ма дау?
Жердi жапқан ақ қарды
Шекер ме деп қалғаны-ау!
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі