Бақтағы «соғыс» ойыны – Сұлтан Қалиев

Бұл бетте «Бақтағы «соғыс» ойыны» атты Сұлтан Қалиев жазған соғыс туралы өлең берілген.

Отырып ем бірде кеп
Орындыққа бақтағы,
Ағаштарға үймелеп,
Сауысқандар қаптады.
Сақылдады
Мені кеп
Пулеметпен атқандай.
Сақ-сақ, сақ-сақ төңірек
«Соғыс» ойнап жатқандай.
Шошығам жоқ түк те мен,
Шоши ма екен солдат та?!
«Пух! Пух! Пух! Пух! Пух!» – деп ем,
Быт-шыт болды жан-жаққа.
Кірерге жер таппаған
Көрсең «жаудың» қашқанын!..
Қандаймын ә?!
Қаптаған
«Жауды» жалғыз жасқадым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері