Бұл бетте «Ғашық сәулем» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көшкенде жылқы айдаймын-ай, сарыменен,
Қорғасын мылтық аттым, о, шіркін, дәріменен.
Бетіңнің алақандай-ай, қызыл үшін,
Аулыңның араз болдым, о, шіркін, бәріменен.
Қайырмасы:
Ахахау!
Ғашық сәулем-ай!
Аулыңның араз болдым,
О, шіркін, бәріменен.
Көшеді біздің ауыл-ай, белеңменен,
Қаракөк өзі сұлу, о, шіркін, дөненменен.
Болғанда тау салқыны-ай, тәтті ұйқы,
Оятам мен қалқаны, о, шіркін, өлеңменен.
Қайырмасы:
Ахахау!
Ғашық сәулем-ай!
Аулыңның араз болдым,
О, шіркін, бәріменен.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі