Дидаку жан – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Дидаку жан» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1231
Өкшесі етігімнің айнала жез,
Айналайын көзіңнен дөңгелек көз.
Екеуміз екі рудың баласы едік,
Қаңбақтай жел аударған болыппыз кез.

Қайырмасы:
Дидаку жан-ай,
Дидаку жан-ай,
Дидаку жан-ай.

Дауысың қоңыр қаздың дауысындай,
Нәзіктігі беліңнің қауырсындай.
Қиядан түлеп ұшқан қыран едім,
Қонақ қыл мекеніңе ауырсынбай.

Шақырдың «келсең кел» деп, ауылыңа,
Жіберейін бір сипат сауырыңа.
Мойныңа ақ білекті арта салсам,
Тигендей болып жүрме жауырыңа.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері