Достым жан – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Достым жан» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1291
Есігімнің алдында балғын көлді-ай,
балғын көлді-ай,
Балғын көлдің балғынын алғым келді-ай.

Қайырмасы:
Ойпырым-ай, ой-ой достым жан,
Күн болар ма қосылған?

Биттейіңнен бірге өскен, беу қарағым,
Аттандырған жеріңде қалғым келді.

Қайырмасы:
Ойпырым-ай, ой-ой достым жан,
Күн болар ма қосылған?

Шынаяғың шын күміс, тәрелке алтын,
тәрелке алтын,
Ойнап жүрген құрбымен болма салқын.

Қайырмасы:
Ойпырым-ай, ой-ой достым жан,
Күн болар ма қосылған?

Ойнап жүрген құрбымен болсаң салқын,
болсаң салқын,
Бұрынғыдай болмайды көңіл жарқын.

Қайырмасы:
Ойпырым-ай, ой-ой достым жан,
Күн болар ма қосылған?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері