Екі бірдей сұр жорға
Бұл бетте «Екі бірдей сұр жорға» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ауылым көшіп барады көк қауланға, әй,
Жабағы арық, тай семіз көп сауғанға, ай-ду-ай!
Екі жастың тілеуін берген күнде, әй,
Қосып-қосып қойсашы көңілі ауғанға, ай-ду-ай.
Қайырмасы:
Екі бірдей сұр жорға,
Амал бар ма қу сорға.
Ебін тауып ойнасаң,
Нең кетеді бір жолға?
Көтеріңкі көрінер көл қабағың, әй!
Болар ма мұндай семіз тел жабағың ай-ду-ай!
Алыстан әдейі іздеп келгенімде,
Иіс майдай аңқиды ақ тамағың.
Қайырмасы:
Екі бірдей сұр жорға,
Амал бар ма қу сорға.
Ебін тауып ойнасаң,
Нең кетеді бір жолға?
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі