Жалған (1-нұсқа)

Бұл бетте «Жалған (1-нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2281
О, жаным, дүние өтеді, дүние өтеді,
Қолынан оймақсыздың ине өтеді.
Күл де ойна тіршілікте деп айтамын,
Түбіне сұм жалғанның кім жетеді, кім жетеді-ай.

Қайырмасы:
Ей! Ау!
Жалған, кім жетеді-ай.

Дүние жеткізбейді қуғанменен,
Ат көркем көрінеді тұрманменен.
Ақ көйлек секілді емес ақ ниетің,
Тазармас, бір кірлесе, жуғанменен.

Қайырмасы:
Ей! Ау!
Жалған, кім жетеді-ай.

Өлеңді мен айтамын екіленіп,
Иіскер қой қозысын мекіреніп.
Сыйласып қызықты өмір өткізейік,
Дүниеге жүрген кім бар екі келіп.

Қайырмасы:
Ей! Ау!
Жалған, кім жетеді-ай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалған (1-нұсқа) өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Жалған (1-нұсқа) өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жалған (1-нұсқа) өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қазақ ауыз әдебиеті өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жалған (1-нұсқа) өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері