Қызыл бұрыш – Сәбит Мұқанов

Бұл бетте «Қызыл бұрыш» атты Сәбит Мұқанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.08.2021
  • 0
  • 0
  • 1282
Майда жұмсақ жел ессе,
Желпілдейді туырлық,
Сықырлайды ырғалып,
Керегелер буылдық.
Керегемен тербеліп,
Желбірейді қызыл ту,
Үй іші толған жалба жең,
Кейі күбір, кейі шу.
Газет, журнал жайылған,
Үймелеген оқушы...
Жалықпашы, қарағым,
Оқушы, інім, оқышы!..
Қызылбұрыш қызарып,
Үй Ішіне өң берсе,
Сен сықылды сәбиді,
Жігіттерге теңгерсе,—
Гүлдене түспек сонда өмір»
Соған ұмтыл, қарағым
Бұл бұрышта ержетсең,
Жаныма ертіп аламын.
Менің бауырым мың-мың сан,
Бірақ көбі қараңғы,
Кеудеге сана құймаққа
Жұмсап жүрмін қаламды.
Ленин бабаң бастаған
Келешектер сенікі.
Тез адам бол, қарақтар,
Сендер әлем сән-көркі!..

1926


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қызыл бұрыш өлеңінің авторы кім?

Сәбит Мұқанов — осы өлеңнің авторы.

Қызыл бұрыш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қызыл бұрыш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәбит Мұқанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қызыл бұрыш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері