Бұл бетте «Жамал-ай (2 нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ақылың бар бала едің аңлағанға,
Жүре жауап бересің арнағанда,
Жамал-ай.
Қайырмасы:
Уа, шіркін, жан Жамал-ай,
Жан Жамалдың амалы-ай!
Өтеді қайран, заман-ай,
А-хай, ә-гә-гәй!
Ортасында Еділдің сен бір терек,
Бұтағыңнан бір ұстап қармағанға,
Жамал-ай.
Қайырмасы:
Уа, шіркін, жан Жамал-ай,
Жан Жамалдың амалы-ай!
Өтеді қайран, заман-ай,
А-хай, ә-гә-гәй!
Есті тыңдар, жақсы айтсам, қабыл алып,
Ақ жүзіңді көрмесем, сағыналық,
Жамал-ай.
Қайырмасы:
Уа, шіркін, жан Жамал-ай,
Жан Жамалдың амалы-ай!
Өтеді қайран, заман-ай,
А-хай, ә-гә-гәй!
Қызғалдақтай жастықта сыйласалық,
Өкінерміз бір күн бәрі қалып,
Жамал-ай.
Қайырмасы:
Уа, шіркін, жан Жамал-ай,
Жан Жамалдың амалы-ай!
Өтеді қайран, заман-ай,
А-хай, ә-гә-гәй!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі