Жаным, Жәкеш – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Жаным, Жәкеш» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1617
Ұстағаным қолыма алтын қалам,
Еске түссе сөзіңіз, от боп жанам.
Жәкеш-ай, енді есен бол-ай!

Қызыл гүлдің бұлбұлсыз сәні жоғын,
Айырыларда, қалқатай, еске салам.
Жәкеш-ай, енді есен бол-ай!

Қолымда бір қамшым бар шежемейлі,
Барғанда мал өріске не жемейді.
Жәкеш-ай, енді есен бол-ай!

Қыл өтпес арамыздан тату едік,
Қызыл тіл арадағы не демейді,
Жәкеш-ай, енді есен бол-ай!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері