Мейірім төгіп нұр саулап – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Мейірім төгіп нұр саулап» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1253
Мейірім төгіп нұр саулап,
Күн сәулесі тарала.
Босап қысқы құрсаудан,
Жатыр балқып Жер – Ана.
Сұлу мүсін бейнені,
Ынтықтырған, іздеткен.
Жел желпіген көйлегін,
Күлімдейді қыз көктем.
Бозторғайлар ән салып,
Бүр жарыпты бауымыз.
Күткен аңсап қаншалық,
Келді міне, Наурыз.
Құтты болсын халайық,
Ұлы күні ұлыстың.
Қане қарсы алайық,
Басы болсын нұр істің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері