Кәмшат бөрік (2 нұсқа) – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Кәмшат бөрік (2 нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.04.2020
  • 0
  • 0
  • 4510
Алдымнан қарсы келдің, Қанзада қыз,
Көркіңе Құсни-Жамал таң қаламыз-ай.
Ғалимлер әуләдинән болсаң керек,
Иншалла фахим етіп аңғарамыз-ай.

Қайырмасы:
Ау, о-й, еркем,
Ау, о-й, еркем!
Үкілі кәмшат бөркің-ай,
Туған айдай көркің-ай,
Былқ-сылқ еткен күлкің-ай,
Білсең біл, білмесең қой,
Мені де өлер деймісің.

Қызырды мекеніңнен келдің кезге,
Жоқ еді таныстығым бұрын сізге-ай.
Ғадетпен сыпайшылық көз салмадым,
Сағымдай мұнарлаған жүзіңізге-ай.

Қайырмасы:
Ау, о-й, еркем,
Ау, о-й, еркем!
Үкілі кәмшат бөркің-ай,
Туған айдай көркің-ай,
Былқ-сылқ еткен күлкің-ай,
Білсең біл, білмесең қой,
Мені де өлер деймісің.

Дүниеге түни келдің нағып мұндай,
Жүзіңе ғашық еткен жаббар құдай-ай.
Барады ал дегенде лебің тартып,
О, достым, кетті қарар сабыр қылмай-ай.

Қайырмасы:
Ау, о-й, еркем,
Ау, о-й, еркем!
Үкілі кәмшат бөркің-ай,
Туған айдай көркің-ай,
Былқ-сылқ еткен күлкің-ай,
Білсең біл, білмесең қой,
Мені де өлер деймісің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кәмшат бөрік (2 нұсқа) өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Кәмшат бөрік (2 нұсқа) өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кәмшат бөрік (2 нұсқа) өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қазақ ауыз әдебиеті өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кәмшат бөрік (2 нұсқа) өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері