Аңшы қоян – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Аңшы қоян» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2168
Біраз аңдар келісіп,
Аюды ұстап алды да,
Сазға жығып салды да,
Жатты өзара бөлісіп,
Әр тұсты әркім қармасты,
Ал, Қоян кеп құлағына жармасты.
«Уа, қыли сен күшік, –
Деді шулап, – сіңді қандай еңбегің?
Аңшылардан сені ешкім де көрмеген»
« Ей туғандар, –деді Қоян, –мен деген
Ен тоғайдан оны үркітіп ерлегем
Алдарыңа аз ба айдап келгенім
Достарыңды ұнатқан»
Мұндай мақтан болса да аян әріден,
Бір қызығы бәрінен –
Сол Қоянға үлес тиді құлақтан.
* * *
Мақтаншаққа ел күледі,
Бірақ, олар үлеске ие үнемі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері