Ерулі атқа ер салмай
Бұл бетте «Ерулі атқа ер салмай» атты Махамбет Өтемісұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ерулі атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңку-еңку жер шалмай,
Қоңыр салқын төске алмай.
Тебінгі терге шірімей,
Терлігі майдай ерімей,
Алты малта ас болмай,
Әр түйірі ат болмай,
Атыңды байлап келгенде,
Қатын-бала жат болмай,
Ат үстінде күн көрмей,
Ашаршылық шөл көрмей,
Арып-ашып жол көрмей,
Өзегі талып ет жемей,
Ер төсектен безінбей,
Ұлы түске ұрынбай,
Түн қатып жүріп, түс қашпай,
Тебінгі теріс тағынбай,
Темірқазық жастанбай,
Қу толағай бастанбай,
Ерлердің ісі бітер ме?!
МАХАМБЕТ ЖЫРЛАРЫНЫН НЕГЙЗЙ ТАКЫРЫБЫ ИСАТАЙ БЙНЕСЙН ДЙРЙПТЕУ
Толыктырып жазыныздар
Алты малта деген сөз жоқоо мына жер деее
Алты малта ас болмай,
Алты малта асболмай,
Өзіңнен туған жас бала
Сақалы шығып,жат болмай,
осы сөздердер жоқ қой???
маган катты унады барлыгы кушти
Рахмет(())
Күшті жазылған
Маған ұнады