Қара сиыр – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Қара сиыр» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1707
Біздің Бипыл жүр ме екен есен-аман, а-хау,
Бейнетімді ұмытам, сені көрсем.
Ахау, тәнім,
Талма, менің жаным.

Қайырмасы:
Ей!
Күл-ли, күл-ли, Күлжан-ай,
Күнде базар, Құралай,
Бипыл, Бипыл, Бипыл-ай,
Бес қалампыр, бір қара-ай.

Жылқы бағып жарың жүр құбыла жонда, а-ахау,
Жаным, Бипыл, ұмытпа мені десең.
Ахау, тәнім,
Талма, менің жаным.

Қайырмасы:
Ей!
Күл-ли, күл-ли, Күлжан-ай,
Күнде базар, Құралай,
Бипыл, Бипыл, Бипыл-ай,
Бес қалампыр, бір қара-ай.

Асау кер ат жүрмейді шалдыққаннан,
Еркін даусым келмейді қарлыққаннан.
Сүйген жарды көре алмай арманда боп,
Сағынамын сарғайып, зарыққаннан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері