Қарай Қасым – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Қарай Қасым» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.04.2020
  • 0
  • 0
  • 970
Ей, қалқа, сендей болсын жанға серік,
Ішің дос, сыртың суық, дәтің берік, ә, сәулем-ай!
Ақ иық көктен төніп түйіліп жүр,
Түсірмей не себептен жүрсің көріп, ә, сәулем-ай!

Қайырмасы:
Қарай қасым, қарындасым,
Шығады-ау сені ойласам,
Көзден жасым, сәулем.

Ей, қалқа, қуанамын бір сені ойлап,
Жалғанда қызығыңа бар ма тоймақ.
Десем де ойламаймын, ойлатасың,
Ұқсаған ләззат балы—аузың оймақ.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері