Қаракөз (2 нұсқа) – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Қаракөз (2 нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1598
Құдай-ау құдыретіңе таң қаламын,
Жолында бір ғашықтың зарланамын.
Ішімді ғашық оты-ай күйдіреді-ау,
Сыртыма шығаруға арланамын-ай.

Ақ ерке, ақша мойын қалды-ау кейін,
Аллаға арызым жетпес мен не дейін.
Қолымнан жібек баулы ұшты тұйғын,
Берік ұстап, енді қонса, жібермеймін-ай.

Ақ сұңқар жаңа түлеп бізден ұшты,
Қайтейін, жұдалықты тәңірім қосты.
Тәжбір жоқ тағдырына деген ұқсап,
Дүниеде айрылмаған кімнің досты-ау!

Қайырмасы:
Аппақ етің қояндай,
Шошып сәулем оянды-ай.
Ғашық болған қара көз
Қызығыңа тоя алмай,
Ау, сүмбіл шаш!
Сен-ау айым, беу жұбайым,
Жан сәулем, айта беріп
Не қылайын-ай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қаракөз (2 нұсқа) өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Қаракөз (2 нұсқа) өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қаракөз (2 нұсқа) өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қазақ ауыз әдебиеті өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қаракөз (2 нұсқа) өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері