Кездескенде қырымда

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 02.11.2021
  • 0
  • 0
  • 721
(Әбіш Кекілбаевқа)

Теңізге келдім өр жойқын,
Жүруші ем мауқым басылмай.
Бұрқырап жатыр көк толқын
Әбіштің бұйра шашындай.
Дегбірсіз ол да қарайды,
Дельфинге қолы жетердей.
Шолып тұр шалқар маңайды,
Теңізді кешіп өтердей.
Кездесу өмір заңы екен,
Риясыз ашық таныстым.
Ақылы терең нар екен,
Болардай зоры арыстың.
Талқыладық өмірді,
Тағдырын шолып қазақтың.
Сағыншақ қам көңілді
Біразырақ тазарттым.
Жазғаннан молдау жазары,
Жоспары қызық жол ашар.
Өзгелерден асары –
Еңбекқор екен орасан.
Қайратына көз салдым,
Сияқты кен қазушы.
Осы болар деп қалдым
Мұхтарға тақау жазушы.

1976


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кездескенде қырымда өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Кездескенде қырымда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Кездескенде қырымда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кездескенде қырымда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері