Қарғам-ау (2 нұсқа) – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Қарғам-ау (2 нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2048
Қарғам-ау, ырыйзамын сертке жетсең,
Жерлерден қиын-қыстау, қарға, аман өтсең,
Сен үшін сонау жерден келдім іздеп,
Өзің біл ғашығыңды, қарға, зар еңіретсең.

Қайырмасы:
А-га-га-га-гәй, у-га-га-да, рай-ай.
О-а, ей-у-ай, о-ой-ра-у-ай.

Қарғам-ау, ырыйзамын сертке жетсең,
Құриды ынтызарым, қарға, сен дегенде.
Аршын төс, алма мойын, қарағым-ай,
Бал татыр сілекейің, қарға, шөлдегенде.

Қайырмасы:
А-га-га-га-гәй, у-га-га-да, рай-ай.
О-а, ей-у-ай, о-ой-ра-у-ай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері