Қоңыр жел – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Қоңыр жел» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1942
Ей! Жігіт, бол майда болсаң тал жібектей,
Пайда жоқ қатты болсаң тікенектей.
Я батыр, я балуан болсаң дағы,
Пайда жоқ өз халқыңа қызмет етпей.

Қайырмасы:
Халила-лай, әгей, ә-а-ай,
Игеге-ай, а-и-и-гей, и де-ай-а-ай.

Өнерге, білім білсең, жеткізеді,
Дариядан кеме-қайық өткізеді.
Жақсымен ғұмыр-ғалам жолдас болсаң,
Бойыңа бір қасиет біткізеді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері