Қыздың әні (6 нұсқа) – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Қыздың әні (6 нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1191
Жүгіре шықтым боз үйден жалаң аяқ-ау,
Молдалардың қолында аса таяқ.
Жеті-ай су жерім-ау,
Сағындым ауылымд(ы) -ау.

Асаутайдай бұлқынған қайран басым-ау.
Енді қайтып ұстаймын қазан-аяқ.
Оу, Жетісу, жерім-ау,
Сағындым ауылымд(ы)-ау.

Алып келген базардан шеңгем тозбас,
Өз теңіме бермеген әкем оңбас-оу.
Жетісу жерім-ау,
Сағындым ауылымд(ы)-ау.

Жер соқтырып жаманды кетер едім-ау,
Бұрынғыдан қалыпты бата бұзбас-оу.
Жетісу жерім-ау,
Сағындым ауылымд(ы)-ау.

Жүгіре шықтым боз үйден жылдам басып,
Боз биенің сүтімен жуған шашым-ау.
Жетісу жерім-ау,
Сағындым ауылымд(ы)-ау.
Екі жеңгем таласып өрген шашым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері