Қызыл гүл (1 нұсқа) – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Қызыл гүл (1 нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2228
Салғаным оң қолыма алтын жүзік,
Сүйгенім кете алмайды күдер үзіп.
Қолымнан қапияда кеттің шығып,
Аққудай көл-дарияда жүрген жүзіп.

Қайырмасы:
Гүлдер-ай,
Гүл-гүл шашқан,
Бұлбұл құстан қызыл гүл.
Бұлбұл құстан-ай,
Шіркін, жастан, қызыл гүл.

Әуеде ұшып жүрген көгілдірік,
Жарасар көк дөненге өмілдірік.
Ауылым жақындағы алыс кетті-ау,
Бір жағын қабырғамның сөгілдіріп.

Қайырмасы:
Гүлдер-ай,
Гүл-гүл шашқан,
Бұлбұл құстан қызыл гүл.
Бұлбұл құстан-ай,
Шіркін, жастан, қызыл гүл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері