Мәтөк әні (2 нұсқа) – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Мәтөк әні (2 нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.04.2020
  • 0
  • 2
  • 2020
Қолымда бір қамшым бар-ау күмістеген,
Япырм-ау, сол қамшыны кім істеген.
Аулына сол қалқамның-ай барар едім,
Қолымды босатпай жүр, бай, бай, бай, а, жұмыс деген-ау.

Көрсетші сұлу қыздың үйін маған,
Келтірген домбыраның күйін маған.
Он бес пен жиырманың арасында
Талайдың дәмін таттық бұйырмаған.

Бар екен Атырауда қарбыз сатқан,
Қандай жан сол қарбыздың дәмін татқан.
Ол дағы шариғатта күнә дейді,
Бір үйде бір бойжеткен жалғыз жатқан.


Пікірлер (2)

Дархан

Ақ дариға

Дархан

Неге сондай аз?

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері