Әйелдерді іздесең – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Әйелдерді іздесең» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.04.2022
  • 0
  • 0
  • 946
Әйелдерді іздесең,
Түнгі жұлдыз арасынан ізде сен.
Үмітіңді үзбесең,
Келер көктем, жаз дәурен мен күзге сен.
Әйелдерді іздесең,
Ізде гүлдер, бақтардан.
Үмітіңді үзбесең,
Сырын гүлдер ақтарған.
Әйелдерді іздесең,
Ізде орман арасынан адасып,
Үмітіңді үзбесең,
Сан адасып, сен ақыры табасың.
Әйелдерді іздесең,
Бұл өмірде өзіңді-өзің тапқаның.
Үмітіңді үзбесең,
Сен аңдамай бір басарсың қақпанын.
Үмітіңді іздеумен,
Ұшқын лаулап, от шығар.
Әйелдерді іздеуден,
Артық бақыт жоқ шығар!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері